Қайыршы әйел бай кәсіпкердің анасы болып шықты
Поезд станциясындағы әйел бай кәсіпкердің анасы болып шықты.
Қытайдағы Ханчжоу шығыс теміржол станциясының әкімшілігі жолаушылар мен қонақтардан әйелге садақа бермеуді сұрады, өйткені оған ақша қажет емес. Қайыршының ұлы айтып бергендей, 79 жастағы қарияның банкте бірнеше шоты бар.
Оған қоса, оның отбасы зауыт пен бес қабатты үйге ие. Ғимараттың бірінші қабатындағы пәтерлер жалға беріліп, отбасыларына жылына 50 мың юань алып отырады.
Әйел өзін асырайтын медбике үшін жинап жатқанын айтып, кейінірек қажет болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның ұлы анасын карта сатумен айналысады деп ойлап келіпті. Алайда кейінірек, вокзал қызметкердері оған бар шындықтың бетін ашқан.
КТК