Қайтыс болған әйел екі айдан кейін сәбиін босанды — Қазақстан жаңалықтары

0

Португалиялық дәрігерлер екі ай бұрын жүкті күйінде қайтыс болған 26 жастағы Катарина Секейраны босандырып алды. Осылайша, Сальвадор есімді ұл бала дүниеге келді. Оның салмағы 1,7 келі болды.

Қайтыс болған әйел екі айдан кейін сәбиін босанды

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Әйелдің демікпесі асқынып, ұстамасы ұстағанда ол жүктілігінің 19-аптасында болыпты. Бастапқыда оны ауруханаға жатқызған. Алайда жағдайы нашарлап кеткеннен кейін комаға түсіріпті. 26 желтоқсанда дәрігерлер оның өлімін тіркеді. 

Алайда дәрігерлер әйелдің тіршілігін қолдайтын аппаратты өшірмей, құрсағындағы сәбиінің аман-есен дүниеге келуі үшін жағдай жасады. Жүктіліктің 32-аптасында жағдай қиындап, кесір тілігін жасауға тура келген. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін дәрігерлер аппаратты өшірді. 

Осылайша, салмағы 1,7 келі болатын ұл бала дүниеге келді. Оған Сальвадор деген есім берген. Ол ауруханада қайтыс болған әйел босанған алғашқы бала болды. 

Сәбидің әкесі баласымен бірге қалатынын айтты.

Ал дәрігерлер баланың денсаулығында аздаған қиындықтар бар екенін айтады. Десе де нәресте өз мерзіміне сай толық дамыған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz