Аманбек Ақайұлы | өмірбаяны

0
58

Аманбек Ақайұлы  1947 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында туған.

1965 жылы Алматы зоотехникалықмалдәрігерлік институтын, аспирантураны бітірген. 

1980–1992 жж. Түркістандағы, Шымкенттегі, Түлкібас ауданындағы өндірістік құс бірлестігінде жауапты қызметтер атқарған. 

1992 жылдан АқсуЖабағылы мемлекеттік қорығының директоры, 1998 жылдан Республикалық «Қазығұрт» қорының Президенті.

Биология ғылымының докторы, академик. Қырықтан аса ғылыми еңбектері, үш монографиясы жарық көрген. Әңгімелері, өлеңдері республикалық басылымдарда, жинақтарда жарық көрген. «Еркеназ» (1994), «Ән арнадым халқыма» (1995), «Адамзаттың рухани бірлесу және жаңғыру кілті – «ҚазақҚазығұрт» (1998), «Адамзаттың Қазығұрты» (Ділнама 2003), т.б. ән, жыр, философиялықтанымдық кітаптардың авторы.