Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын қайда өтейтіні белгілі болды

0

Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтейтін болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

26 ​​қыркүйек Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде сотталушы немесе оның қорғаушылары сот шешіміне шағымданбаса, ол Шығыс Қазақстанда орналасқан ОВ-156/20 колониясына ауыстырылады.

«Бұл мекеме арнаулы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған. ОВ-156/20 қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесі», — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы ауыстырылғанға дейін Астанадағы тергеу изоляторында болады.

«Сотталушы апелляциялық шағым түсірсе, оны қарау мерзіміне дейін тергеу изоляторында қалады», — деп толықтырды ведомство өкілі.

Сондай-ақ, Сатыбалдыұлы жазасын өтеу үшін мекемеге келген 15 күннен кейін туыстарымен кездесуге өтініш бере алатыны белгілі болды.