Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапар барысында Мария Мудряк пен Иманбек Зейкеновтің еңбегін ерекше атап өтті

0

Президенттің айтуынша, олар ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілетуге өз үлестерін қосып жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүргенде Мария Мудряк пен Иманбек Зейкеновтің еңбегін атап өтті. Бұл туралы Kznews.kz порталы Kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Президенттің айтуынша, ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілету мен жаңғыртуға Павлодар облысының жаңа қазақстандық «мәдени толқынының» өкілдері зор үлес қосуда.

«Классикалық өнерді сүйетіндер Мария Мудряктың Еуропаның ең жақсы опера сахналарында арияларды орындайтын дауысын ұнатады. «Грэмми» иегері Иманбек Зейкеновтың музыкасы бүкіл әлем бойынша жастар арасында танымалы. Өз ұрпағының дарынды өкілдері бола отырып, олар біздің мәдениетіміздің Шетелдегі табысты елшілері болды», — деді ол.

Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстанның күші адамдарда, энергияда, білім мен патриотизмде екенін айтты.