«Қайрат Нұртасты ұрып кетті деген ақпарат тарады»: Полиция басшысы әншінің жағдайын біліп қайтты
Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков әлеуметтік желіде тараған ақпараттан кейін өңір орталығына концерт өткізуге келген Қайрат Нұртасқа барып, жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы полиция департаментінің басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Бүгін маған WhatsApp мессенджерінде «танымал әнші Қайрат Нұртастың Қостанайда қатты соққыға жығылғаны» туралы хабарлама келді. Жазбада ақпаратқа «Полиция департаментінің басшысы баспасөз қызметі арқылы түсініктеме берді» деп көрсетілген. Мен Қайрат Нұртаста бәрі дұрыс екеніне көз жеткізу үшін онымен кездескенімді хабарлаймын. Бірге түскен фотомыз соның дәлелі. Танымал әнші Қостанайда жеке концертінде өнер көрсетті.
Сондай-ақ, полицейлер жалған ақпаратты таратқан адамды іздеуге кіріскенін хабарлаймын», — деді Ерлан Омарбеков.