Қайрат Нұртас «Жұлдыздың экраннан кетуіне әншінің қызғанышы себеп болды» дегендерге жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова қазақстандықтарға актерлық, жүргізушілік қырынан танылып үлгерген. «Қазақстан» телеарнасында «Шаңырақ» бағдарламасын жүргізген ол жұмысқа қарағанда отбасына көбірек көңіл бөлуді жөн көрген. Алайда кейбір қазақстандықтардың пікірінше, Жұлдыз Әбдікәрімованың экраннан кетуіне жұбайы Қайрат Нұртастың қызғанышы себеп. Әнші осы жайлы пікірін The Эфир бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызына айтып берді, деп жазады Stan.kz

Қайрат Нұртас "Жұлдыздың экраннан кетуіне әншінің қызғанышы себеп болды" дегендерге жауап бердіҚайрат Нұртас осыған дейін де сұхбаттарында Жұлдыз Әбдікәрімованы қызғанатынын айтқан. Бірақ үйде отырғанша жұмыс істегенін құптайтынын да ескертіп өткен. Өзінің екінші жартысын бағалайтын, оны ханым деп атайтын әншінің пікірінше, Жұлдыз Әбдікәрімова бірінші кезекте өсіп келе жатқан балаларының тәрбиесіне көңіл бөлуі тиіс.

«Әркім әрқалай ойлайтын шығар.Еркек адамның қызғануы парыз. Жұлдызды қызғанамын. Қарап отырсаңыздар, түсірілім қаншама уақытты, үш-төрт сағатты алады. Қазір төрт балада өсіп қалды. Мен болмасам, шешесі сабақ беруі керек дегендей.

Мен бір жақта, Жұлдыз екінші жақта жүрсе, біздің балаларға кім қарайды? Кейде мен кешке жұмыстан шаршап келемін. Жұлдыз ханым мысалы төрт-бестерде үйде болмай қалады. Бұл маған ұнамайды. Өзіміз бір бірімізді аз көреміз. Қазір жұмыс істегелі бері мүлде аз көретін болдық бір-бірімізді.

«Мен негізі кино болсын өзім түсіріп беремін. Атақты болғың келсе кинолардың барлығын өзім түсіріп беремін, не істегің келеді барлығын қолдан келгенше өзім жасап беремін», — деп айтқанмын. Жұмыс көп, әйел үйде отырсын демеймін, бірақ көбінесе  қасымызда болғанын қалаймын», — дейді әнші. 

Сұхбат барысында әнші алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол Ресей әншісі Стас Михаиловпен бір сахнада ән шырқап, жанды дауыста концерт беруді көздеп отыр. 

 

 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz