Қазақстанда UFC турнирі өтуі ғажап емес

0

UFC-де жеңіске жеткен тұңғыш қазақ Дамир Исмағұлов Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Санкт-Петербургте UFC турнирі жақсы өтетініне сенімдімін. Қатысушылардың басым көпшілігінің қарсыластары анықталды. Бұрын UFC турнирі тек Америкада өтетін. UFC Ресейге келеді деп ешкім ойламады. Болашақта Қазақстанда да UFC жекпе-жектерінің өтуі ғажап емес. Ол жақта аралас жекпе-жек қарқынды дамып келеді, — деді Дамир Исмағұлов news.ru сайтына берген сұқбатында.



Дереккөз: prosports.kz/kz