«Қырғыздар мен түріктердің әнін ұрлаудан жалықпадың ба?». Қайрат Нұртас сынға ілікті
Кейбір тыңдарманы Қайрат Нұртасқа қатысты сын айтып жатыр. Олардың сөзінше, әнші қырғызстандық және түркиялық әріптестерінің әнін «иемденуді» доғарар емес.
Бұл жолы Қайрат Нұртас пен Мәдина Сәдуақасова бірігіп орындаған «Бекерге қырылдым» әні сынға ілікті. Осы ән орындалып жатқан сәтте түсірілген видеолардың бірі YouTube видеохостингінде 173 мыңнан астам көрілім жинаған.
«Ұрлықшы-плагиатшылар, фанерщиктер, не харизма, не дауыс жоқ, арзан мақтанды ұнататындар, өздерін супер жұлдыз қылып көрсеткісі келеді, аянышты», — деп жазды Азамат Сапаров.
«Қайрат, түріктер мен қырғыздардың әнін ұрлаудан жалықпадың ба? Түрікше сөздерді дұрыс айтпайды, әдеттегідей мақтаншақтық», — деп жазды Луиза Бахаева.
Десе де бұл дуэтті ұнатқандардың қарасы көп. Қос әншіге деген ыстық лебізін жарыса жазып жатыр.