Қайрат Нұртас шетелден үй сатып алды

Фото instagram желісінен алынды
Танымал әнші Қайрат Нұртас Аланиядан үй сатып алды, деп жазады kznews.kz сайты.
«Құттықтап қойсаңыздар болады ағайын, әрбір қазаққа бұйырсын!» — деп жазған әнші Instagram парақшасында өзге елден алған баспанасын көрсетті.
Осы орайда әнші Төреғали Төреәлі әріптесіне өлең арнады.
«Қайреке-ау, Қазақстан қалай болар?
Біз ұқсап құрметтеуге жарай ма олар?!
Стамбул көлік берсе құтты болсын
Сен алған үй де зәулім сарай болар?!
Нар тәуекел деп кеткен Түркияға
Олар да біздің ұлға абай болар.
Түркі тілдес халықты әнмен жаулап
Ол жақта да концертің талай болар.
Бастысы баспаналы болып алдың
Басқасын басып алу оңай болар?!» — деп жазды Төреәлі.