Қайрат Нұртас әйелімен түскен жаңа видеосын жариялап, желіні шулатты
Түркияда демалып жатқан Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова уақытты босқа өткізбей, түрлі қызықты видеолар түсіруде. Ерлі-зайыптының соңғы жариялаған бейнежазбасы бірден ел талқысына түсті. Бірі оны әзіл ретінде қабылдаса, енді бірі шошып кеткен, деп жазады kznews.kz тілшісі.
Қайрат Нұртас келіншегімен түскен кезекті видеосын Instagram парақшасында бөлісті. «Бұл паранойя», — деген жазба қалдырды ол. Бейнежазбада әнші әйелінің ұйықтап қалғанына көз жеткізіп, бірден телефонын ақтаруға кіріседі. Алайда бір мезетте келіншегінің оянып, қасына келіп алғанын байқайды. Бұл жайт әртісті қатты шошытады. Желі қолданушылары аталмыш видеоны бірден қызу талқылап, өз пікірін жазды. «Әзілді өлтіретін болыпсыздар», «Күлкіден өлдім», «Сіздерді бірге көрсем қуанамын», «Қатырасыздар. Шынымен осылай ғой», «Он рет қайта қарап жатырмын.», «Ажыраспаңыздар. Осылай бақытты өмір кешіңіздер», «Қорқынышты фильм секілді шығыпты», «Шошып кеттім ғой», — деп жазуда олар.