Қайрат Боранбаевтың соты: «ҚазМұнайГаз» экс-директорының ісі жеке қаралады
Бизнесмен Қайрат Боранбаевтың ісінің жаңа мән-жайлары белгілі болды. Мемлекеттік айыптаушылар қылмыстың ұйымдастырушысы деп отырған «ҚазМұнайГаз» бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердінің ісі жеке өндірісте қаралатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Сіз реестрге қол қойған кезде Сердімен мақұлдадыңыз ба?» — деп сұрады прокурор Бауыржан Шекенов.
Николай Рубанов Сердімен мақұлдамағанын айтты. Алайда онымен сол келісімшартты жасаған адамдар мақұлдауы мүмкін екенін атап өтті.
Алайда адвокат Вера Войцеховская прокурордың бұл сұрағына қарсылық білдірді.
«Мен бұл сұрақты алып тастауды өтінемін. Сіздер Серді туралы сұрап отырсыздар. Егер оның ісі жеке қаралып жатқан болса, ол жайлы қалай сұрайсыз?» — деді адвокат.
Прокурор Сердіге іс бойынша айып тағылып отырғанын айтты.
«Сұрақ қоя аламын. Айыптау актісіне сәйкес, Серді қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады», — деді мемлекеттік айыптаушы.
Басқа авдокаттар да наразылық білдірді. Судья Назгүл Бапақова адвокаттардың өтінішін қанағаттандырып, сұрақты алып тастады.
Еске салсақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге өткен жылдың маусымында іздеу жарияланған. Қаржылық мониторинг агенттігі ол жайлы сенімді ақпарат берген кісіге ақшалай сыйақы тағайындалатынын мәлімдеген.