Қай әріптен басталады?
Іс — әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Мотивациялық — қозғаушылық
— Балалар, мен сендерді балық аулауға шақырамын. Өткен дыбыстар мен әріптерді еске түсіру Балалар балық аулау арқылы өткен дыбыстар мен әріптерді, буындарды еске түсіреді.
Ұйымдастырушылық — ізденістік
Балалар, құс қанатының дыбысы естілетін сияқты. Қане, тың тыңдап көрейікші.
Аузына хатқалта тістеген көгершін топқа ұшып кіреді.
— Бізге қонаққа не келді, балалар?
— Ол көгершін не әкелді?
Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр. Хат туралы қысқаша айта кету
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтұғын жолы жоқ.
Қане, бәріміз бірге қайталайықшы жұмақтың шешуін: Хат
— Енді зер салып, мұхият тыңдайық: «Хат». Сөз басында қандай дыбыс естіліп тұр?
— Ендеше, барлығымыз «Х» дыбысын бірге айтайық.
— Қалай дыбысталып тұр?
— Иә, дұрыс айтасыңдар.
Енді «Кім жылдам?» ойынын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Ойын шарты: «Х» дыбысы бар сөз ойлап айтады. Көп сөз құраған балаға жалауша береміз және ол жеңімпаз болады.
Мен сендерді тағы да ойын ойнауға шақырамын. «Адасқан әріптер».
Ойын шарты: Мойындарына әріптер ілінген балалар тақта алдында тұрады. Мен бір сөз айтамын. Сендер сол әріптерден сөзді құрап тұруларың керек (құрастырады, оқиды). Үш топқа бөлініп үш сөз жаздырамын: аурухана, кітапхана, хабар.
— Жарайсыңдар балалар!
Ал, енді осы сөздерімізді буынға бөліп көрейікші. «Х» дыбысы сөздің қай буынында келіп тұр?
— Ой, тамаша! Қандай ақылдысыңдар!
— Дауысты дыбыстар екі қадам алға шығыңдар. Қанша дауысты дыбыс бар екен? Сонша рет орнымызда тұрып секіреміз.
Дауыссыз дыбыстар, сендер нешеусіңдер? Сендер де орындарыңда тұрып секіре қойыңдар. Ал, дауыстылар санап тұрайық.
— Сонымен «Х» дыбысы дауыстылар қатарында тұр ма, дауыссыздар қатарында тұр ма?
— Иә, демек «Х» дыбысы дауыссыз дыбыс
— Көгершін
— Хат
Жауабы: Хат
Бәрі бірге: Хат
-«Х»дыбысы
-«Х»- аузымыз сәл ашылып тамақтан шығып тұр.
Қуана келіседі.
Хат, Хамит, дәріхана, асхана, т. б.
Өздері әріп таңдап алып, мойындарына іледі, айтылған сөздің жазып шығады.
Аурухана, кітапхана, хабар.
Ау — ру — ха — на, кі — тап — ха — на, ха — бар.
Балалар берілген нұсқау бойынша қимыл жасайды.
Дауыссыздар қатарында
Рефлексиялық — түзетушілік
— Ал енді бәріміз бірге ән салып, көңілімізді көтерейік. Әуенді қайталау.
Ха — хе — хо — ху — хи — хы — ха,
Ма — ме — мо — му — мы — ми — ма,
Жа — же — жо — жу — жы — жи — жа,
Ба — бе — бо — бу — бы — би — ба.
Аяқтау.
Алақай, шығармашылық ойындар кезеңінде «Кім епті?» ойынын ойнауға уәде беремін.
Оқу құралдарын жинауға көмектесіп жіберіңдерші, балалар. Рахмет, жарайсыңдар!
Балалар көңілдене әуенді қайталайды
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: өткен дыбыстарды;
Түсінеді: «Х» дыбысы бар сөзді ойлап табуды;
Меңгереді: «Х»дыбысын анық айтып, сөздерге дыбыстық талдау жасауды;
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/