Қадыров Зеленскийге Шешенстанда жасырынуды ұсынды

0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өз әскерін Украинаға жіберіп қана қоймай, әскери процесс барысы туралы өзінің Телеграм арнасында жиі жазба жариялап келеді.

Қадыров кезекті жазбасында Украина президенті Владимир Зеленскийге Шешенстанға келуді, ұсынысын қабыл алса өмірін сақтап қалатыны туралы айтып, ұсыныс жасады.

«Негізі жеңіл ойлы жігіт емессің, мен сені Шешенстанда қорғау туралы Владимир Владимировичке ұсыныс жасай аламын. Ресейге бет бұрсаң, тарихқа бітімгер ретінде енесің. Қорықпа, сені сақтаймыз. Бастысы – сені ешкім таба алмайды. Ойлан!» – деп жазды ол.

Жазбасына Владимир Зеленскийдің актерлік рөлдерінің біріндегі эпизодты қоса жүктеген Қадыров өз ұсынысы аса орынды екеніне сенімді.