Қадыров Путиннің баспасөз хатшысымен келіспей қалды

0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинада жүріп, генерал-лейтенант атағын алған өзін құттықтамай, Ресейден кетіп қалған тележүргізуші Иван Ургантты патриот дегені үшін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзімен келіспеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Патриот болу үшін Ресейді сынап, шетелге кетіп қалу керек екенін, онда да шу-шұрқанмен кету қажеттігін, саяси қақтығыс төмендегенде түк болмағандай қайта орала салуға болатынын білмеппін», – деді Қадыров.

Азаттық мәліметінше, Дмитрий Песков Ресей әскерінің Украинадағы «әскери операциясын» қолдамайтындар мен Ресейден кетіп қалғандардың бәрін бірдей сатқын, деуге болмайтынын айтқан.

«Тележүргізуші Иван Ургантты жақсы білемін, өзінің көзқарасы бар шығар, бірақ ол үлкен патриот», – деді Путиннің баспасөз хатшысы.