Қабырға ма, жол ма?: Жолдың жамауы көпті күлкіге қарық қылды

0

Әлеуметтік желілерде кірпішпен жамалған жолдардың суреті қызу талқыланып жатыр. Атырау қаласының әкімдігі оның жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша көрініс екенін хабарлады.

Әлеуметтік желілерде Атыраудың орталық көпіріндегі және жолдарындағы кірпіш шұңқырлар бейнеленген фотолар тарап жатыр. Қыс мезгілінде асфальт бетіндегі шұңқырлардың кірпішпен толығуы – жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша көрініс. Жөндеу жұмыстары наурыз айының үшінші онкүндігіне жоспарланған. Күн жылы болса, бастаймыз. Бүгінгі шара жүргізушілер үшін қолайсыздықты барынша азайтуға бағытталған, — делінген хабарламада.

Орталық көпірде жазда мұндай жамау емес, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.