«Қабаттасып күйеуге шығып жатырмыз»: Еркемен қатар құрбысы Гүлназ Жолановаға да сырға салынды

Әнші Ерке Есмаханның құрбысы актриса Гүлназ Жолановаға да сырға салынды.
Сүйінші жаңалық туралы Ерке Есмахан желідегі парақшасында бөлісті.
«Екеуміз жүріп-жүріп, енді бір-бірімізге қабаттасып күйеуге шығып жатырмыз. Кеше Ақтауда Гүлназға да сырға салынды, ағайын. Бір күнде «сырғалым» болдық. Теңін тапқан құрбыма «бағың ашылсын» деймін», — деген ол.
Ал, Гүлназ Жоланованың өзі әзірге тойға дайындық сәттерінің шет жағасын ғана көрсетіп қойды. Өнер иесінің жұбы кім екендігі әзірге белгісіз.
Айта өтейік, Гүлназ Жоланованың жасы 30-ға келіп қалды. Өзімен қатар ұзатылып жатқан құрбысы Ерке Есмаханның жасы 38-де.