Танымал журналист депутаттыққа үміткер Даулет Мұқаевты сынға алды

0

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы «Даулеттен» есімімен танылған блогер Дәулет Мұқаевты сынға алып, халықты оның сөзіне ермеуге шақырды.

«Көрдіңіздер ме күні кеше ғана былай сөйлеп, билікке бармаймын деген!? Кім оның тілінен тартты?! Мен бе? Әлде милары уланған хотундар ма?! Өз сөзіне жауап бере алмайтын болса, көп мылжыңдамау керек еді! Еркектің көп сөйлегенін ұнатпаймын өз басым! Бұл көреалмаушылық емес, дұрыс түсініңіздер! Мен тапсырыспен жұмыс жасамаймын! Маған керегі жоқ! Ертеңгі күні билікке барып жатсам, алдымнан шығады ол ісім. Басқасына заказ түссе де, дәл бұған түспейді. Билікке бұл қызық тұлға емес! Кейбір ақылсыз әйелдерге қызық болар?», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Дәулет Мұқаев ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына түсіп жатқанын жариялаған еді.