Путиннің баспасөз хатшысы коронавирус жұқтырды

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Қазіргі уақытта Дмитрий Песков ауруханада жатыр. Бұл ақпаратты ол РИА Новости ақпарат агенттігіне растады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус жұқтырды.

Бұл ақпаратты ол өзі растады, деп хабарлайды РИА Новости. Қазіргі уақытта Песков ауруханада жатыр.

Бұған дейін көрші елдің премьер-министрі Михаил Мишустиннің індетке шалдыққаны туралы хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Тоқаев коронавирус жұқтырған Мишустинге тезірек сауығуды тіледі

Жуырда өткен отырыста Владимир Путин Мишустиннің дерттен біртіндеп жазылып келе жатқанын айтты. Жұмысқа белсенді қатысып жатқанын хабарлады.



sputniknews.kz