«Путин жеңіске жетті»: Ресейдегі сайлаудың алғашқы қорытындысы шықты
Ресейде президент сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы алдын-ала мәлімет бойынша, президент Владимир Путин 87%-дан астам дауыспен жеңіске жеткенін хабарлады, деп жазады деп хабарлайды Kznews.kz.
Алғашқы экзит-полдардың нәтижесі Мәскеу уақыты бойынша сағат 21:00-де жарияланды. Оның бәрі Владимир Путиннің сенімді түрде жеңіске жеткенін жария етті.
2018 жылы сайлауда сайлаушылардың 67,54% дауыс берген. Бұл жолы ресми билік дауыс берушілердің 74,22% сайлауға келгенін хабарлады.
Украинаның оккупацияланған облыстарында да Ресей билігі дауыс беруді ұйымдастырды. Батыс елдері оны бірнеше рет Украина егемендігін бұзу деп атады. Ресей армиясы алып жатқан Запорожье территорияларының, сондай-ақ Херсон, Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары сайлауға қатысуға мәжбүр болды. Оларға қарулы әскерилердің сүйемелдеуімен комиссия мүшелері келген.
Алдыңғы сайлауда, 2018 жылы Владимир Путин 76,69% қорытынды нәтижемен жеңіске жеткен еді.
Сайлау өткен күні Ресейдің әртүрлі қаласында халық наразылығын білдірді. Бірі сайлау жәшігіне сұйықтық шашса, енді бір қалада учаскеге газ шашып кеткен.