Путин мен Рахмон Мәскеуде кезедсіп қырғыз-тәжік жанжалын талқылайды

0
138

Ресей президенті Владимир Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 8 мамырда Мәскеуде кездесу кезінде қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жанжалды талқылайды.

Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік «РИА Новости» агенттігі Крмельдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Тәжікстан президенті Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына қатысады.

«ТАСС» жаңалықтар агенттігі Песковқа сілтеме жасап жазғандай, Рахмон мен Путин сөйлесулері қырғыз-тәжік шекарасында жанжал шыққанға дейін жоспарланған. Бірақ Песков қырғыз президенті Садыр Жапаров Жеңіс парадына қатыспайтынын жеткізді.

28-30 сәуір күндері қырғыз-тәжік шекарасында қарулы жанжалда қаза болған қырғызстандықтардың саны ресми 36-ға жетті, 189 адам жарақат алды. Жүздей адам ауруханада жатыр.

Тәжік үкіметі құрбандар мен зардап шеккендер санын ресми жарияламады. Бірақ «Озоди» радиосының мәліметі бойынша, 20 адам қайтыс болып, 90 кісі жарақат алған.

Қырғызстан мен Тәжікстанның ресми өкілдері 1 мамырға қараған түні оқ атуды тоқтату, шекара маңынан әскерін алып кету туралы келісімге қол қойған.