«Путин екеуіміз қайсымыз жексұрындаумыз деген сауалға таласып жатырмыз»: Лукашенко не айтқысы келді?
Ресей президенті Владимир Путин кеше Беларусь елінің президенті Александр Лукашенкомен кездесу үшін Минск қаласына келген болатын. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Аталған кездесуде Лукашенко қалжыңдап «кім жексұрындау» деген сауал төңірегінде айтты.
“Өздеріңіз білесіздер, Путин екеуміз әлемдегі ең агрессор жандармыз. Әлем бізді солай қабылдайды. Екеуміз қазір кім көбірек жексұрындау деген сауалға таласып жатырмыз. Владимир Владимирович «менмін» деп өзін айтып отыр. Мен тіпті оған сене бастадым. Бірақ екеуіміз де бірдейміз деген шешім қабылдадық. Біздің арамызға сына қаққысы келетіндер бар, ол ойлағаны бола қоймас”,- деді Лукашенко.
Еске салсақ, Путин Украинаға басып кіргелі Беларус басшысымен жиі кездесетін болған.