Бас прокуратура Михаил Козачковтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді

0
12

Қазақстан Республика Бас прокуратурасының ресми сайтында журналист Михаил Козачковтың қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Ведомствоның ресми сайтында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілдерінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кіріскені хабарланған.

Бас прокуратура ұсынған мәліметтерге сәйкес, Козачков 2022 жылдың 18 желтоқсанында Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлерімен ұсталған. Сонымен қатар, бас прокуратура Михаил Козачковқа қандай айып тағылғаны жөнінде де мәлімдеді.

Белгілі болғандай, журналист ұйымдасқан топқа қатысып, рейдерлік жасады, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен айналысты деп күдіктелуде. Осылайша, Козачковтың тұратын пәтерінде тергеу сотының санкциясының негізінде жұбайының, куәгерлердің қатысуымен және бейнежазбаны пайдалану арқылы тінту жүргізілген.

Сондай-ақ, бас прокуратура туындаған резонансты ескере отырып, 2022 жылғы 18 желтоқсанында қаржы мониторингі агенттігі жоғарыда аталған процестік әрекеттерді жасауға негіз болған мән-жайларды дереу жұртшылықтың назарына ұсынғанын айтады.

Бұдан бөлек, прокуратура қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын, бұған қоса тергеу барысы прокуратураның жіті қадағалауында екенін мәлімдеді. «М.В.Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасын және жоғарыда аталған тергеу іс-әрекетінен уақтылы қол жеткізуде оны қорғауды қамтамасыз ететін адвокаттың кедергі жасау белгілерін бұзу туралы хабарламаларға ерекше назар аударылатын болады», -деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бас прокуратура өкілдері үндеуді қарау нәтижелеріне қатысты тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабар таратылатынын жеткізді.