Президенттің келесі баспасөз хатшысы кім болуы мүмкін?

0

Insider Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалуы мүмкін үш үміткердің есімін атады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Кемелбек Ойшыбаев — ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі, еңбек жолын Capital Review-Atamura тілшісі болып бастады. Осы жылдар ішінде ол бірқатар телекоммуникациялық компаниялардың басшысы болып жұмыс істеді, ірі медиа жобаларды басқарды.

Айбек Смадьяров — дипломат. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Қазақстанның Венгриядағы Елшілігінде және ҚР Президентінің баспасөз қызметінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Кейінгі жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің кеңесшісі болды. 2018 жылдың маусымынан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі.

Максим Рожин — Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, қазақ тілінде еркін сөйлейтін қазақстандық журналист, блогер және қоғам белсендісі.