Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото)

0

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі «Борт №1» Telegram-каналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті суреттерін жариялады.

Фотолар отыз жыл бұрын түсірілген. «1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордыңбірге түскен суреті. Париж», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Бүгінде еліміздегі бірқатар нысан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бөлек, Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі және тағы басқалары бар.