Атқа мінген полиция басшысы. Генерал Дүйсембаев қызу талқыға түскен видеоны түсіндірді

0
77

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев «Открытый разговор» жобасына берген сұхбатында Желіде қызу талқыланған жылқымен түскен видеосы туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ладаға» сілтеме жасап.

Еске салайық, 2019 жылы мамырда әлеуметтік желілерде сол кездегі Атырау облысы полициясының басшысы Аян Дүйсембаевтың сыйлыққа ат алып, оған қошеметпен отырған сәті түсірілген видео жарияланған еді. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түскен.

Осы видеодан кейін Тоқаев ішкі істер министріне Аян Дүйсембаевқа қатысқы қызметтік тексеріс бастауды тапсырған.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады», — деп Тоқаев тапсырма берген еді.

Бұл жағдайдан кейін Аян Дүйсембаев қызметтік этиканы бұзғаны үшін Атырау облысы полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылған еді.

Енді Дүйсембаев осыдан үш жыл бұрын өз еркімен жұмыстан шыққанын, ал Желіде тараған «жылқыдан да айырылды, жұмыстан да айырылды» деген әңгіме шындыққа жанаспайды деп мәлімдейді.

Ол «генерал» атағын алғаннан кейін Атырау облысының Қызылағаш ауылына барып, ауыл тұрғындарына ауызашар бергенін айтты. Сол кезде ақсақалдар қазақтың салт-дәстүрі бойынша атқа отыруды өтінген. Кейін ІІМ тексеру жүргізген, олар ешқандай бұзушылықты анықтаған жоқ.