Президенттік сайлауға 69 509 адам атсалысады — Қазақстан жаңалықтары

0

9-шы маусымда өтетін президенттік сайлауға 69 509 адам атсалысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Президенттік сайлауға 69 509 адам атсалысады

Олардың 44 мыңы бюджеттік сала қызметкерлері. Орталық сайлау қызметкерлері оларға үш айлық ең төменгі жалақыдан кем төленбейтінін хабарлады.

Саяси додаға атсалысатындардың қатарында  мұғалім, дәрігер, кітапханашылар бар. Бұдан бөлек 2500-ға жуық зейнеркер, 2400 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 100-ден аса студенттер қатысады.

Сайлауды өткізуге мемлекет қазынасынан 12,1 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл сумманың 77%-ы коммисия мүшелеріне төленеді. Қалған қаражаттың 23%-ы ұйымдастыру, ғимаратты жалға алу, кеңесшілер мен сарапшылар қызметіне төленеді.

stan.kz