Президент жүргізуші куәлігін алып жүрмеуге болатын Заңға қол қойды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жүргізушілерге жүргізуші куәлігін және техникалық төлқұжатын өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат беретін Заңға қол қойды, деп хабарлайды KzNews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Түзетулер жүргізушіні куәлігін немесе техникалық төлқұжатын үйде ұмытып кеткен жағдайда айыппұлдан босатады.

Яғни, қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүрмеуге болады. Полиция қызметкерлері азаматтардың құжаттарын жеке куәлік арқылы өздерінің электрон деректер базасымен тексереді.

Бұл өзгеріс шетелдіктерге қатысты емес, олар бұрынғыша жүргізуші куәлігі мен төлқұжаттарын өзімен бірге алып жүруге міндетті.