Президент Тоқаев референдумда дауыс берді (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.
Сонымен қатар, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен пемьер-министр Әлихан Смайылов референдумда дауыс берген болатын. Ол ұлттық кітапхана ғимаратындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.
ИАйта кетейік, референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?». Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек.