Президент Тоқаев министр Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады

0
40

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа бірден қатаң сөгіс жариялады.

15 шілдеде үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысын өткізген президент Тоқаев Арыстағы жарылыстың «жүйелі кемшілік және әскери мекеменің бақалауының әлсіреуінен» туындаған салдары туралы айтқан.

Президент министр Ермекбаевтың тағайындалғанына көп болмағанын айта отырып, толық жауапты екенін еске салған. «Мен қорғаныс министрлігіндегі жағдайға қанағаттанбай отырғанымды білдіремін. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын» деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

2019 жылдың 24 маусымында Арыс маңындағы қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан үш адам қаза тауып, қала тұрғындары тұтастай дерлік эвакуцияланып, кейін қайтадан оралған. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапқан. Оның екеуі – әскери қызметкер, біреуі – бейбіт тұрғын.

Нұрлан Ермекбаев – 2018 жылдың тамызынан бері қорғаныс министрі.

Azattyq