Президент сайлауын өткізуге 12 млрд теңге қажет — ОСК — Қазақстан жаңалықтары

0

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу үшін 12 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Осылай деді Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов Парламент Сенатының кулуарында, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

АқшаСурет: nb.kz

«Бүгінгі таңда резерв қалдығы 51 миллиард теңгені құрап отыр. Сайлауды өткізуге орталық сайлау комиссиясы 12 миллард теңге бөлу жөнінде өтінішхат енгізді. Дәл қазір негізділігін тексеру, есептеулерді бағалау жүріп жатыр. Нәтижесін хабарлайтын боламыз. Аталған сома қысқаруы да мүмкін. Оның 70%-і сайлау округтерінде жұмыс істеуге тартылған тұлғаларға жалақы ретінде беріледі. Әзірге олардың саны қанша екенін айта алмаймын. Десе де мұны бір күннің ішінде жасауға болады», — дейді Қаржы министрінің орынбасары. 

Әрі қарай ол былтыр бюджеттен 2020 жылы өтетін президент сайлауына 8,8 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Алайда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көбейгендіктен, бұл сома да артып отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін әрбір президенттікке үміткерге сайлауалды жұмыстар үшін 7,5 миллион теңгеден бөлінгені хабарланған-ды. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. 

 

stan.kz