Президент сайлауы 2019: қазақстандықтардың 51,8%-і дауыс берді

0
120

Осы жолғы президент сайлауында сайлаушылардың жалпы саны – 11 947 995 адам

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев наразылық акцияларына қатысты пікір білдірді 

Өткен 2015 жылғы президент сайлауында дәл осы уақытта дауыс беруге келгендер саны 68,48% -ті құраған болатын.

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.


©
Sputnik / Стрингер

Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.


©
Sputnik /

Президентікке үміткер жеті кандидат



sputniknews.kz