Президент сайлауы 2019: алғаш дауыс берген қазақстандық

0

Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр, тек ел тұрғындары ғана емес, шетелдегі қазақстандықтар да өз таңдауын жасауда

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Жапониядағы Васэда университетінде оқитын Ілияс Құрманғали кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген алғашқы қазақстандық атанды, деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, шетелде 65 сайлау учаскесі ашылған.

Тағы оқыңыз: Кандидат Жамбыл Ахметбеков дауыс беруге отбасымен келді — фото

Ал Қазақстанда алғашқы болып 83 жастағы Ханшайым Құлжанқызы дауыс берді. Бәрінен ерте келген сайлаушыға электр шәйнегі сыйға тартылды.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Қазақстанда алғаш болып Ханшайым Құлжанқызы дауыс берді

Жоғары шенді шенеуніктердің арасында алғаш болып өз таңдауын сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Шымкент әкім Ғабидолла Әбдірахымов жасады.


©
Sputnik / Нурила Туржан

Шенеуніктер арасында алғаш болып сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов өз таңдауын жасады

Бұған дейін, Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин сайлау учаскесі ашылысымен дауыс беретіні хабарланған еді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанның барлық өңірінде сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті. Олардың жалпы саны 9920. Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрайды.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

48 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды.



sputniknews.kz