Президент Қапшағайдың атауын Қонаев деп өзгертуге дайын

0

«Біз ұлан-ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы, Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын», — деді Президент.

Айта кетейік, Қапшағай-Алматы облысы, Алматы қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан қала. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған.

Бүгінде 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.

(Фото http://Jana-kezen.kz сайтынан алынды)