Президент Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобын құрды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz жаңалықтар порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жақын арада Конституцияға өзгерістер енгізілетін болады.
«1. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында , осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамында жұмыс тобын құрсын.
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде ұсыныстар әзірлесін», — делінген хабарламада.