Президент ЕАЭО-ға ортақ валюта енгізу үшін не керек екенін айтты
Фото: Ақорда
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ валютаны енгізу мәселесі жайлы айтып берді.
«Ортақ валюта жайлы айтсақ, осы тақырыпта ешкім сөйлескен жоқ. Және де біз ешқандай келіссөздер де жүргізген жоқпыз. Кейбіреулер Еуропадағы еуро сияқты валютаға қол жеткізгісі келетін шығар. Бұл жақсы, әрине, бірақ бізге бұған дейін әлі алыс», — деді Назарбаев.
Бұл үшін бізге барлық мемлекеттердің экономикаларын бірдей деңгейге дейін дамыту керек.
«Ал осы үшін бірдей жағдайлар, бірдей экономика болуы қажет. Және де барлығы ортақ валютамен өмір сүргісі келуі керек. Бізге алыс әлі. Тіпті, Ресеймен және Қытаймен мысалы энергетика саласында ұлттық валютамен саудаласу мәселесі – аса күрделі. Сондықтан, бұл болашақтың мәселесі. Әрине, бұл жақсы тілек, бірақ бұл жақында болмайды», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ