Трамп Американың оңтүстік шекарасын толықтай жабуы мүмкін бе?

0

Дональд Трамп АҚШ-тың оңтүстік шекарасын толықтай жауап тастайтындығын мәлімдеп отыр.

«Егер демократтар Мексикамен шекарадағы қабырғаның тұрғызылуына бөлінген қаражатты беруге тырыспаса және түрлі иммиграциялық заңдарды өзгертуде кедергі келтіретін болса, демократтар мен президенттің бірлікте жұмыс істеуін көру екі талай» деп ескертті.

22 желтоқсан күні АҚШ конгресі жаңа бюджеттің жағдайына байланысты бір келісімге келе алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен арадағы қабырғаны салуға бөлінген бюджет 5 млрд доллардан кем болса, қол қоймайтындығын айтқан болатын. Ал, демократтар Трамптың мұндай қомақты шығынды құжатын қолдауға дайын емес. Енді бейсенбі күні АҚШ конгресі қайтадан талқыға салатын болады.

«The Qazaq Times»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз