Президент Алтынбаевты қызметінен босатты

0

Мүслім Алтынбаев қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне 2017 жылдың қазанында тағайындалған еді

Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мүслім Алтынбаевты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды», – делінген сайтта жарияланған ақпаратта.

Заместитель министра обороны РК Муслим Алтынбаев
Мүслім Алтынбаев

Ол бұл қызметке 2017 жылдың қазанында тағайындалған еді.

Мүслім Алтынбаев – бұрынғы қорғаныс министрі, экс-сенатор Мұхтар Алтынбаевтың ұлы.

Генерал-майор Мүслім Алтынбаев 1966 жылы туған. Ол Ставрополь жоғары әскери авиациялық штурмандар мен ұшқыштар училищесін, Ресей қорғаныс министрлігінің әскери академиясын, АҚШ қарулы күштерінің ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

Қызмет жолы

1999 жылы шілде айында әскери атташенің көмекшісі;

2002 жылы 22753 әскери бөлімінің командирі:

2006 жылы Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары;

2007 жылы Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі бас инспекциясының бастығы;

2009 жылы «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы;

2010 жылы «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;

2013 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабы бастығының орынбасары;

2016 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі әскери және қорғаныс қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі;

2017 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз