Премьер-министр «Назарбаев старты» жобасымен танысты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстан премьер-министрі мен «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырға келіп, ғарыш айлағын дамыту мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Байқоңыр қаласының дамуымен танысып, «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен «Назарбаев старты» жобасын талқылады, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.  

Асқар Мамин жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты.

Тағы оқыңыз: Путин «Бәйтерекке» Назарбаевтың атын беруді ұсынды 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Байқоңыр қаласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау аясында Асқар Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды.

Премьер-министрге қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

«Союз МС-15» пилотталатын кораблін ұшыруды бірлесіп бақылаған соң үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. 

2019 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласында Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі барысында ресейлік тарап «Бәйтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп қайта атауды, сондай-ақ, оны тиімді іске асыру үшін «Союз-5» және «Союз-6» зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты, сондай-ақ пилоттау бағдарламасын алып тастауды қарастыратын жаңа жағдайларды қарастыруды ұсынған еді.



sputniknews.kz