Домой Жаңалықтар Премьер-Министр кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Премьер-Министр кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

0
62

Бекзат Бақбергенұлы Жүсіпов Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Бекзат Жүсіпов 1989 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Шығыс Англия университетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор ретінде бастаған.

2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеген.

2013-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспекторы, 2019-2021 жылдары «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалының директоры болған.

2021-2022 жылдары мемлекеттік хатшының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Kznews.kz ұжымы Бекзат Бақбергенұлын жаңа қызметімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді! Жаңа қадамдарыңыз бен ел игілігі үшін жасаған жұмыстарыңыз нәтижелі әрі берекелі болғай!