«Праваңды әкел!». Түркіменстан полициясы әйелдердің жүргізуші куәліктерін тәркілеуде

0

Әйелдердің көлік жүргізуіне, және «Лада» маркалы автокөліктерге тыйым салынған.

Ашхабад полициясы көлік рөлінде отырған әйелдерді жаппай тоқтатып, түрлі себептермен жүргізуші куәліктерін тартып алуда, деп хабарлайды Zakon.kz Азатлыкқа сілтеме жасап.

18 ақпан күні көлік рөлінде отырған әйелді тоқтатқан полиция қызметкері «Бізде бұйрық бар, протоколда көрсетілген көшелермен көлік рөліндегі әйелдердің жүруіне болмайды», – деген себеппен куәлігін тартып алды, дейді куәгер әйелдердің бірі.

Ашхабадтағы құқық қорғау органдарында қызмет ететін әйелдердің бәріне жеке көлік пайдалануға тыйым енгізілген: «Өткен аптада органдарда жұмыс істейтін әйелдерге өз автокөліктерімен ешқайда шықпасын деді. Басшылықтың өзі әйелдер автокөліктерін жұмысқа қалдырып, көлік рөліне мүлдем отырмасын деп айтты», – деген куәгердің сөзін келтіреді Азатлык тілшісі.

Соңғы жылдары Түркіменстан астанасында автокөліктерге қатысты шектеулер көбейген: алдымен қара түсті көліктердің жүруіне тыйым салынды, одан кейін биліктің ойынша «ескірген», оның ішінде «Лада» маркалы автокөліктерге тыйым салынды.

Әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салу туралы хабарлар алғаш рет 2017 жылдың ортасында естіле бастады. Бір айдан кейін полицейлер әйелдердің жүргізуші куәліктерін тартып алып, мәшинелерін айып тұрағына жөнелте бастаған.

Сол кезде патруль полициясына жақындығы бар дереккөз «ішкі істер министрі президентке жолдағы қайғылы жағдайларға көбінесе әйел-жүргізушілер себеп» деген ақпарат жеткізгенін айтқан болатын. Дереккөздің сөзінше, мемлекет басшысы осы мәселені шешу туралы тапсырма берген.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz