Porsche электркарлары Қазақстанда танымал бола бастады

0

Porsche компаниясының жаңа электркарларының Қазақстандағы сатылымы өсуде, бұл туралы брендтің Қазақстандағы ресми импортері Orbis Auto автомобиль тобы хабарлады. 2021 жылдың басында жергілікті нарыққа Taycan және Taycan Turbo S сияқты жаңа модельдер келді, ал компанияның өзі Қазақстанда электркарлардың инфрақұрылымын дамытуға бет бұруда. Мәселен, осы жылы компания электркарлар үшін Алматыда 8 және Нұр-Сұлтанда 2 зарядтау станцияларын орнатады.

Өткен жылдың қараша айында, әлемге танымал презентациядан кейін Porsche Taycan 4S  және Taycan Turbo электркарлары алғаш рет Қазақстанда сатыла бастады. Айта кету керек: бұл — электромобиль үшін әдеттегі 400 вольттің орнына жүйелік кернеуі 800 вольт болатын алғашқы сериялық көлік. Расында, көлік иесі 100 км жол жүру үшін көлігін бес минутта ғана зарядтай алады. Осылайша, үш айдың ішінде ресми импорттаушы 6 электрмобиль сатты, ол бір жылға жоспарланған сатудың 50% құрады. Осы жылдың басында Қазақстандағы спорттық электрмобильдердің қатары Taycan және Taycan Turbo S сияқты жаңа модельдермен толықтырылды. Электр көліктеріне көшу тенденциясының өсіп келе жатқанын ескере отырып, импорттаушы жылдық жоспарларын қайта қарады: енді Porsche елде кем дегенде 19 жаңа электркарды сатуды жоспарлап отыр.

Porsche Centre Almaty директоры Гаухар Габдрахимова Қазақстанда спорттық электркар сатыла бастағаннан бері, компания жергілікті автокөлік жүргізушілерінің қызығушылығы артқанына көз жеткізгенін айтады. «Сондықтан да біз өзіміз үшін ең қысқа мерзімде ҚР-да Taycan модельдік қатарын кеңейту жоспарын қойдық. Биыл қазақстандықтарға алғашқы Porsche электрлік спорттық автомобильдерінің толық өнім желісі қолжетімді екенін атап өткім келеді. Біз 4 наурыз күні Германияның Мюнхен қаласында әлемдік онлайн премьерасы өткен Taycan Cross Turismo-ға квота алдық», — дейді Гаухар.

Жаңа Taycan Cross Turismo электркары бүкіл әлем жұртшылығына сияқты қазақстандықтар үшін осы жазда қол жетімді болмақ, оның құны комплектацияға байланысты 120 000 евродан басталады.

Сериялық электруниверсал өзінің бұрынғы бастамашыларынан жоғары технологиялық шассиімен және адаптивті пневмоподвескамен ерекшеленеді, бұл жүргізушілерге жолсыз жағдайлар да сенімділік береді. «2019 жылы бірінші спорттық электр көлігінің шығуымен біз маңызды сигналды жібердік», — деді Porsche AG басқарма төрағасы Оливер Блюм жаңа универсалдың әлемдік премьерасында. Ол компания өзін жаңартылатын энергия көздері есебінен жұмыс істейтін экологиялық автомобильдер өндірісіндегі пионерлер ретінде көретінін атап өтті: 2025 жылға қарай Porsche жеткізетін барлық жаңа автомобильдердің жартысы электр жетектерімен жабдықталады: толық электрлі немесе қайта зарядталатын гибридті жетек.

АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Жаңа Porsche Cross Turismo электруниверсалдарының толық тізімі:

Жазғы сатылым басталғанға дейін Taycan Cross Turismo-ның жаңа төрт модификациясы әлемге бірден қол жетімді болады. Басты айырмашылық — енді электркар жолсыздықты да бағындыра алады. Моделдік қатарға мыналар кіреді:

Taycan 4 Cross Turismo қуаты 280 кВт (380 а.к.), Launch Control іске қосылған кезде, оның қуаты Overboost режимінде 350 кВт (476 а.к.) дейін жетеді, үдеу — 100 км/сағ 5,1 секундта, максималды жылдамдығы — 220 км/сағ, қуат қоры (Жүк көтергіштігі төмен көлік құралдарын сынаудың дүниежүзілік келісілген рәсімі) 389 — 456 км.

Taycan 4S Cross Turismo қуаты 360 кВт (490 а.к.), Launch Control іске қосылған кезде, оның қуаты Overboost режимінде 420 кВт (571 а.к.) дейін жетеді, үдеу — 100 км/сағ 4,1 секундта, максималды жылдамдығы — 240 км/сағ, қуат қоры (Жүк көтергіштігі төмен көлік құралдарын сынаудың дүниежүзілік келісілген рәсімі) 388 — 452 км.

Taycan Turbo Cross Turismo қуаты 460 кВт (625 а.к.), Launch Control іске қосылған кезде, оның қуаты Overboost режимінде 500 кВт (680 а.к.) дейін жетеді, үдеу — 100 км/сағ, 3,3 секундта максималды жылдамдығы — 250 км/сағ, қуат қоры (Жүк көтергіштігі төмен көлік құралдарын сынаудың дүниежүзілік келісілген рәсімі) 395 — 452 км.

Taycan Turbo S Cross Turismo қуаты 460 кВт (625 а.к.), Launch Control іске қосылған кезде, оның қуаты Overboost  режимінде 560 кВт (761 а.к.) дейін жетеді, үдеу — 100 км/сағ 2,9 секундта, максималды жылдамдығы — 250 км/сағ, қуат қоры (Жүк көтергіштігі төмен көлік құралдарын сынаудың дүниежүзілік келісілген рәсімі) 388 — 419 км.

Төрт дөңгелекті жетегі және адаптивті пневмоподвескасы бар жоғары технологиялық шасси барлық төрт модельдің стандартты комплектациясына кіреді. Қосымша жолсыздық режимі жермен аралықты 30 мм-ге дейін арттырады. Бұл дегеніміз, Cross Turismo сонымен қатар жоғары талапты жолсыз жерлермен жүруге бейімделген. Стандартты «Gravel Mode» режимі жаңа модельдің тегіс емес және қиыршық тасты жолдарда жүруге жарамдылығын арттырады.

Айта кету керек, Taycan Cross Turismo сыртқы келбеті 2018 жылы Женева автосалонында ұсынылған Mission E Cross Turismo концептіне сәйкес келеді: Силуэт Porsche дизайнерлері «ұшу сызығы» (flyline) деп атайтын таңқаларлық, көлбеу шанақ шатырының сызығымен анықталады. Жол талғамайтын көліктің дизайн элементтерінде доңғалақты аркалар мен табалдырықтардың күшті қорғанысы, шанақтың алдыңғы және артқы жағындағы төменгі панельдің ерекше дизайны, сондай-ақ бүйірлік табалдырықтар бар. Cross Turismo жол талғамайтын көлігінің дизайны алдыңғы және артқы бамперлердің бұрыштарында және табалдырықтардың ұштарында арнайы төсемдерді қамтиды. Олар керемет көріністі, сондай-ақ тастардың соққыларынан қорғауды қамтамасыз етеді.