Порошенко Ресеймен достықты бұзу туралы заңға қол қойды
Украина басшысы Ресеймен достық туралы келісім шартты бұзу туралы заңға қол қойып, Ресеймен арадағы қарым-қатынастарын бұзды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қос мемлекет 19 жыл бұрын он жыл мерзімге қол қойған достық туралы шарт екі жыл өткен соң — 1999 жылы өз күшіне енген.
2019 жылдың сәуірінде келісім шарт автоматты түрде созылуы керек. Алайда бұл енді жүзеге аспайды.
Бүгін, 10 желтоқсан күні Петр Порошенко достық туралы келісімді тоқтату туралы құжатқа қол қойды.
Айта кетерлігі, мерзімі аяқталған шарт Ресей-Украина қарым-қатынастарының маңызды бір бөлігі болған еді.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар