Полицияға пара бермек болғаны үшін құрықталды

0
1244

Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы тұрғыны полицияға пара бергені үшін заң алдында жауап бермек.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жергілікті тұрғын  Қылмыстық Кодекстің  385-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Приурал полиция бөлімі тергеу бөлімінің бастығына келіп, 300 мың теңге және 50 АҚШ доллары көлемінде пара ұсынған.

«Аталған эпизод полиция қызметкерлерінің барлық кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау камераларымен тіркелген. Тергеу бөлімінің бастығы оқиға туралы дереу баянат (рапорт)жазып, пара берушіні ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК 367-бабына (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деді облыстық полиция департаментінің өкілі Б.Нұрғожин.