Полицейлерді пышақтамақ болған жасөспірімдерді атып тастады – видео  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Израильде полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеобақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлады НТВ.

Құқық қорғаушылар шабуылдаушыларға оқ жаудырып, тойтарыс берген, алайда олар полицейлердің бірін жарақаттап үлгерген.

«Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды. Полиция оқ атып, екі террористке тойтарыс берді», — деп хабарлады Израиль полициясының ресми өкілі Мики Розенфельд.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдары шабуылдаушылардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнынан түсірілген видеокадрды жергілікті баспасөз таратты.



sputniknews.kz