Полицейге жөтелген ер адамның басы бәлеге қалды

0

Жергілікті сот ер адам әлемдегі қиын кезеңге байланысты ауыр қылмыс жасады деп шешті. Енді ол жарты жылын түрмеде өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. Англияның астанасында мас ер адам полицейге жөтелген. Ер адам жарты жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Metro.

55 жастағы Адам Льюис мас күйінде Лондонды кезіп жүрген. Ер адамды полиция қызметкері тоқтатқан. Сол кезде ол коронавирус жұқтырғандай полицейге жөтеле бастаған. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. 

Келесі күні жергілікті сот Льюисті әлемдегі қиын кезеңге байланысты ауыр қылмыс жасады деп шешті. Енді ол жарты жылын түрмеде өткізеді. 

 



sputniknews.kz