Пойызда әйелді зорлаған тальго жолсеріктеріне қатысты сот үкімі шықты
Қысқа сілтеме алу
Тальго пойызында жолаушы әйелді зорлаған екі жолсерікке қатысты сот үкімі шықты
НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Қостанай облыстық соты Тальго пойызының екі жолсерігіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жолсеріктер Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Кұрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған зорлау). Олар 2,3 және 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Тальгодағы оқиға
Айта кетейік, бұл оқиға өткен жылы қыркүйек айында болған. Қорғаушылардың мәліметіне сәйкес, жас әйел Астанадағы ғылыми конференцияға қатысып, үйге қайту үшін Тальго пойызына билет алған. Купеге кіріп жайғасқанда ішінде бір жолаушы болды. Бірақ ол заттарын қойып, бірден ресторан-вагонға тамақ ішуге барған.
Купеге қайтып келгенде жолаушының орнында вагонның жолсерігі отырды. Үстінде майка мен трико, ал қолында сыра. Жолсерік жарты сағат бойы оған маза бермейді. Бірақ түнге қарай кетіп қалды. Ал таңғы 04:00 шамасында купені өз кілтімен ашып, әйелді зорлайды. Оның айқайлауға да шамасы келмеген.
Жолсеріктің артынан оның әріптесі кіріп, тура солай істеді. Биологиялық және геномды сараптама кезінде аталған қылмыстар расталды. Дегенмен, сотта бірінші жолсерік «жолаушы жақын танысуға» өзі келісім берді десе, екіншісі мүлдем жақындамадым деп ақталды.
sputniknews.kz