«Купеге кезек-кезегімен кіріп зорлады»: «Тальго» жолсеріктеріне сот үкімі шықты

0

«Тальго-Тұлпар» пойызында ақтөбелік аруды түнде купеге кіріп зорлады деген күдікке ілінген жолсеріктерге қатысты сот үкімі шықты. Қолқанат Құлманиязов 2,5 жылға, ал Жетес Үмбетәлиев 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін пойызда үйіне жол тартқан қызды зорлады деген екі жолсерікке қатысты сот үкімі шықты. Оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болған-ды. Жолсеріктер көпке дейін кінәсін мойындаудан бас тартып, іс бір жылға жуық уақытқа созылды.

Сондай-ақ, алғашқы медициналық сараптама қыздың аман-сау екенін көрсеткен болатын. Кейін жәбірленуші тарап тәуелсіз сараптама жасатып, зорлау болған деген қорытынды шығарды. Ал жолсеріктердің туысы мұны қыздың ақша өндіріп алу үшін жасап отырғанын айтты.

Мұнымен қатар, өздерінен 2-ден бастап 4 миллионға дейінгі сомада ақша талап еткенін жеткізді. Алайда олардың бұған еш дәлелі жоқ болып шықты. Сотта жолсеріктерге қатысты үкім оқылып, олардың біреуінің 2,5 жылға, ал екіншісінің 2 жыл 3 айға сотталғаны белгілі болды.

Жәбірленушінің адвокаты Дина Таңсәрі кесілген жазаның тым жеңіл екенін айтты. Себебі, бұған дейін прокурор басқа мерзім сұраған.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін сотталғандардың бірінің әкесінің жәбірленушіге қарағанда ұлына сенетінін айтқаны туралы хабарлаған едік.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз