Пойыз рельстен шығып кетіп, 14 адам зардап шекті

0
85
Пойыз рельстен шығып кетіп, 14 адам зардап шекті


Марсель қаласының (Франция) метрополитенінде пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 14 адам зардап шекті.

Бұл туралы жұма күні La Provence басылымы жазды. Газет берген мәліметтерге қарағанда, оқыс оқиға жергілікті уақытпен 09:30-да (Астана: 14:30) қаланың оңтүстігіндегі «Сент-Маргерит-Дромель» стансасында болған.

Апат контакт жүйесіндегі ақаудан туындаған. Келеңсіз жағдай салдарынан 14 адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Құтқару қызметінің 40 қызметкері апат салдарын жоюға жұмылдырылған.

Марсель көлік қызметі метрополитеннің екінші желісінің төрт стансасы («Кастеланнан» «Сент-Маргерит-Дромель» стансасына дейін) аралығындағы пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Кептелісті жою мақсатында қала билігі қосымша автобустарды шығарды.

Дереккөз: ҚазАқпарат