Петропавлдағы қуыршақ театры туралы мәлімет: тарихы, репертуары мен жетістіктері

0
187

Осы күнге дейін театр 70 қойылымды сахналап үлгерді

Театр тарихы

Қуыршақ театры 1990 жылы 13 шілдеде Петропавл қаласында ашылды. 1991 жылы 15 ақпанда бірінші театр маусымының ашылу салтанатында «Винни-Пух және бәрі, бәрі» қойылымы сахналанды.

Театрда қанша адам жұмыс істейді

Театр штаты 78 адамнан құралған. Олардың ішінде алты актердің жасы отызға толмаған. Актерлердің орташа жалақысы – 90 мың теңге.

Тағы оқыңыз: Қостанай облыстық қуыршақ театры

Театр директоры Сергей Орлов ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Труппа жетекшісі, актриса, сахна шебері Наталья Гузеева мен актер Андрей Зайцев – ҚР «Мәдениет қайраткері». Сондай-ақ, театр актерлері Айгүл Хасенова, Ольга Лабутина мен Сапар Мапенов – ҚР «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері.

Театрдың қандай жетістіктері бар

Қуыршақтар театры осы күнге дейін Қазақстан Республикасының көптеген қаласын аралап үлгерді. Сондай-ақ, театр жыл сайын Омбыдағы «Арлекин» және Қорғандағы «Гулливер» театрына гастрольдік сапармен барады.

Өнер ордасы «Дарындылар достығы – халықтар достығы», Millennium, «Дәуiр жыршысы», «Шаттық Отаны», IІ халықаралық қуыршақтар фестивалі сынды салмақты жобаларға атсалысқан. Сондай-ақ, 1996 жылы «Дастархан» зертхана фестивалінде, 1992 жылы «Алтын дельфин» халықаралық, Сібір мен Таяу Шығыс театрларының халықаралық фестивалінде, IV «Ортеке» қуыршақтар фестивалінде өнер көрсетті.

2011 жылы Баку қаласында өткен халықаралық қуыршақтар фестиваліне, 2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет күндері, 2013 жылы XI «Наурыз 2013» түркі халықтарының халықаралық театрлар фестиваліне, III бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалына, 2014 жылы Екатеринбург қаласында өткен «Коляда-Plays» заманауи драма театрлар фестиваліне, 2017 жылы Воронеждегі «Маршак» балалар фестиваліне, 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Ассалаумағалейкум» қуыршақтар театры фестиваліне қатысты.

Тағы оқыңыз: Маңғыстау облыстық қуыршақ театры туралы қызықты мәліметтер

Бүгінгі таңда театр репертуарында 50-ден астам спектакль бар. Жыл сайын театр орташа есеппен көрермен назарына төрт жаңа спектакль ұсынады.



sputniknews.kz